Жаңалықтар

Қазақстандық блогерлер онлайн-жарнаманы таңбалауға міндеттеледі

Қазақстандық блогерлер онлайн-жарнаманы таңбалауға міндеттеледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық-жобасын ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Arainfo-ға сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, енді блогерлер жариялайтын жарнамалар міндетті таңбалауға жатады. «Таңбалауға инфлюенсерлер (блогерлермен) коммерциялық және шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнама жатады. Таңбалау оны нақты сәйкестендіру мүмкіндігімен мәтіндік форматта жүзеге асырылады. Таңбалау орналастырылған материалдың жарнама екендігі туралы мәтіндік нұсқауды қамтиды», - делінген бұйрық-жобасында. Құжатта көрсетілгендей, блогерлер жарнаманы әлеуметтік желілерге жүктеу кезінде оның қандай материал екенін көрсетіп, онда мына мәтіндердің бірін жазуы тиіс: - «жарнама»; - «жарнамалық материал»; - «серіктестік материал»; - «демеушілік материал»; - «жарнама құқығында жарияланған»; - «жарнама құқығында»; - «демеуші төлеген»; - «PR құқығында». Бұйрық 8 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.