Жаңалықтар

Кішкентай қызды теуіп құлатқан шетелдікті елден шығару қарастырылады

Кішкентай қызды теуіп құлатқан шетелдікті елден шығару қарастырылады

Қазақстан бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы маңындағы сауда орталығында баланы тепкен Түркия азаматының мәселесі неліктен «Бұзақылық» бабы бойынша қаралатынын түсіндірді.

Оның айтуынша, заңнамада мұндай қылмысқа қатысты арнайы бап жоқ. Сондықтан кінәлі адам «Бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылады.

Ол қазір Алматы облысының ПД-мен байланыс орнатқан. Айтуынша, аталған факті бойынша сот шешімі күшіне енгеннен кейін (жазасын осында өтеген соң) шетел азаматын Қазақстан шекарасынан шығаруға бағытталған сот процесі басталады