ШЕКАРАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ШЕКАРАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңесі жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметшілермен, мерзімді қызмет сарбаздарымен кездесу бойынша үлкен жұмыс жүргізіп келеді. Осыған орай жуырда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңесі төрағасының орынбасары Аракси Плетнева, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Хадиша Оспанова, Ауған соғысының ардагері Ермекбай Дүкенбаев үш заставада қызмет ететін шекара сарбаздарымен кездесті. Кездесулер ашық диалог түрінде еркін форматта өтті. Қатысушылар отансүйгіштік, патриотизм туралы әңгіме қозғап, қызметтері туралы да өз пікірлерімен және әсерлерімен бөлісті. Қонақтар шекара қорғаушыларының қалай өмір сүріп, қызмет ететінін өз көзімен көрді. «Қоғамдық келісім» мекемесі ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі