Жаңалықтар

БІРЫҢҒАЙ АШЫҚ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ

БІРЫҢҒАЙ АШЫҚ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ

Цифрлық даму министрлігі мен Ауылшаруашылығы министрлігі және Әділет министрлігімен бірлесіп жер және жылжымайтын мүлік саласы бойынша бірыңғай ашық деректер базасын құрды.

Бірыңғай ашық деректер базасын енгізудің арқасында онлайн сауда-саттық арқылы жер учаскесін беру жобасы іске асырылады. Бұл қызмет жер учаскелерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. Қызметті алу жолдары «Электрондық үкімет» порталын, ЖМБ МК, өңірлік геоақпараттық жүйені (ӨГАЖ) және ҚР ҚМ электрондық сауда-саттық алаңын (ЭСА) интеграциялау арқылы іске асырылды. Осының есебінен өтінішті қарау кезінде цифрлық бақылау қамтамасыз етіледі және әкімдіктердің өтініштен негізсіз бас тартылған жағдайларын толық тексерістен өткізетін болады. 2023 жылдың 16-18 маусымы аралығында «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпараттық жүйесіне көшу жұмыстарының екінші кезеңі өтті. Осыған байланысты жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілетін қызметтер уақытша қолжетімсіз болды. Екінші кезең мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (МЖК ААЖ) деректерді көшіруді қамтиды. Бұған дейін «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорынан (ЖМТ МДҚ) көшу бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Жаңа жүйеге көшудің екінші кезеңі 16 маусым жұмыс күні аяқталғаннан кейін 17 және 18 маусым аралығында демалыс күндері өтті. Бұл күндері азаматтарға электрондық сервистер арқылы көрсетілетін жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласындағы онлайн-қызметтер қолжетімсіз болды. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі іске қосылғаннан кейін жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу жолдары ашық түрде өткізіліп, қызмет көрсету жүйесі толық автоматтандырылады. Жаңа жүйеде барлық қызметтер электронды түрде жүзеге асырылады. Жүйенің басты ерекшелігі – артық құжаттарды көрсету талап етілмейді (таңдау актісі, жерге орналастыру жобасы, комиссия хаттамалары). Мемлекеттік акт пен техпаспорт жылжымайтын мүлік объектісінің бірыңғай кадастрлық паспортына біріктіріледі. Сонымен қатар өтінішті қарау ұзақтығы 1 жылдан 30 күнге дейін қысқарады. Айта кетейік, МЖК ААЖ-да көшіруді талап ететін тарихи учаскелерді қоса алғанда, рәсімделген жер учаскелерінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы құжаттар саны шамамен 6 миллион мәліметті қамтиды. Сондай-ақ еліміз бойынша жер учаскелеріне күн сайын мыңға жуық акт дайындалады. «AR-AI»-ақпарат