Жаңалықтар

ОҢАЙ ОЛЖА ОРҒА ЖЫҚТЫ

ОҢАЙ ОЛЖА ОРҒА ЖЫҚТЫ

Тараз қаласының полиция бөліміне бопсалау дерегі бойынша облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданды. Жас жігіт кейбір адамдар бопсалау және қоқан-лоқы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпағаны үшін оның 990 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін айтты.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп, 1994, 1995, 1999 және 2004 жылы туған төрт азаматты анықтап, ұстады. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. 24 пен 28 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі қатысушыға қатысты «ешқайда кетпеу туралы» жазбаша бұлтартпау шарасы тағайындады. Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта істің толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.