Жаңалықтар

«Love is...» сағызының сыры

«Love is...» сағызының сыры

90-жылдары өте үлкен танымалдылыққа ие болған «Love is…» сағызын білмейтін жан жоқ шығар? Бұл сағыз өткен ғасырдың 70-жылдары пайда болған. Сағыздың халықтың сүйіктісіне айналуына таңғажайып махаббат оқиғасы себепкер болды.

Түркиялық компания сағыздың қағаз қаптамасына қызықты суреттерді басып шығарды. Романтикалық оқиғалар бейнеленген анимация әлемнің көптеген тіліне аударылып, жаңа кейіпкерлермен салына бастады. Мысалы, Түркияда хиджабтағы қыз бен ұлдың махаббат оқиғасы бейнеленді. Сағыздың сол кезде брендке айналуына таңғажайып махаббат оқиғасы себепкер болған. Суреттердің шынайы авторы жаңазеландиялық карикатурашы қыз Ким Казали 1970 жылдары романтикалық тақырыптағы махаббатқа толы анимациялық мультфильмдерімен әлемге танымал болды. Ким Жаңа Зеландиядан басқа қалаға кетуге шешім қабылдайды. 60- жылдардың аяғында ол өзінің сүйіктісі Роберто Касалиді кездестіреді. Екі жас бір-бірімен тауда шаңғы теуіп жүргенде танысады. Олар кездесіп жүргенде бір-біріне хат жолдайды. Хаттар қызықты болуы үшін Ким онда түрлі суреттерді қоса салады. Роберт сүйіктісінің салған суреттерін тастамай жинап жүреді. Кейіннен достары бұл суреттерді жариялауды ұсынады. Осылайша бұл хаттардың танымалдылығы арта береді. 70-жылдардың аяғында Ким «Los Angeles Times»-қа арналған алғашқы тапсырысын алады. Олардың кейіпкері әлемге танымал сары шашты қыз бен қара торы ұл болды. Олардың әйгілі болғаны соншалық, суреттер сағыздың қорабына салына бастады. Ким де әжептәуір табыс тапты. Кейін олар үйленіп, той жасайды. Дүниеге Стефано, Дарио және Мило есімді үш бала келді. 1975 жылы Роберто Касалиге қатерлі ісік диагнозы қойылып, бір жылдан соң көз жұмды. Дәл сол жылы оның кенже баласы дүние есігін ашты. Жары бақилық болғаннан кейін Ким сурет салуды тоқтатып, ұлдарының тәрбиесімен айналысты. Оның да сүйегінен қатерлі ісік анықталып, 56 жасында өмірден озды. Ал олардың ұлдары өнер мен компьютерлік графика саласында мықты маман болып қалыптасты. Осылайша қарапайым жұптың махаббат оқиғасы бүкіл әлемге танылды. Олардың махаббаты қуанышпен аяқталмаса да, суреттегі бейнелері көп адамды өмірді сүюге, махаббаттың баянды болуына үйретті.