Баспанамен қамту – басты назарда
Баспанамен қамту – басты назарда
Қабылдауда үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру механизмі таныстырылды. Сондай-ақ үлестік құрылыс бизнесі үшін жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Кездесу барысында Алтай Шоқанұлы Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қойылған міндеттердің тиімділігін арттыру мақсатында «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» тұрақты түрде ақпараттық қамту арқылы еліміздің өңірлеріндегі негізгі мақсатты аудиториялар арасында жұмысты жалғастыра беретіндіктерін жеткізді. Айта кету керек, үлестік тұрғын үй құрылысына үлескерлерді тарту үш әдіс бойынша іске асырылады. Яғни бірыңғай құрылыс операторының кепілдігі, екінші деңгейлі банктердің қатысуы және көпқабатты тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылған соң құрылыс компаниясы мен үлескер арасындағы келісімшарт арқылы жүзеге асады. Осы үш тәсілде де қаржы құйған үлескерлерге қаражатының сақталуына кепілдік беріледі.
Шапағат ӘБДІР