ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен ауқымды іс-шараға тұрақты жұмыс іздеген 500-ге жуық жас келді. Айта кету керек, жәрмеңкеге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов және Тараз қаласының 50-ден аса жұмыс беру мекемесінің өкілдері қатысты. – Жобаның ұйымдастырылу мақсаты – жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мен NEET санатындағы жастар үлесін қысқарту. Айта кету керек, бұл ауқымды іс-шара тек Жамбыл облысында ғана емес, республика көлемінде ұйымдастырылып отыр. Аталған бағытта биыл 100 мың жас жұмыспен қамту шараларына тартылады. Тағы бір айта кетер жайт, біздің жиындарымыз халық көп шоғырланатын орындарда ұйымдастырылады. Неге? Себебі партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген басты міндеттердің бірі – жастар үшін әділ әлеуметтік лифт жасау. Сәйкесінше жұмыс іздеген азаматтар бізбен тікелей байланысқа шыға алады, – деді қалалық «Жастар рухы» жастар қанатының жетекшісі Ерғали Әбуғали. Мұндай іс-шаралардың ұйымдастырылуы жастардың жұмыспен қамту деңгейін де көтеретін болады. «Жастарға жұмыс» жобасына ең алғаш келгендердің бірі – Мақсұт Шалабек. Дипломын қолына жақында алған ол іс-шара туралы әлеуметтік желіден біліп, достарын да ерте келіпті. – Жақында ғана Дулати университетінде 4 жыл оқып, құжатымды алдым. Іс-шараға келу мақсатым да бар, жұмысқа орналасқым келеді. Әртүрлі жұмыс берушілермен сөйлесіп, өзіме қажетті мағлұматтарды жинадым. Ендігі кезекте, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына жұмысқа тұрғым келеді, – дейді жоба қатысушысы М.Шалабек. Шара соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, тегін консультативті кеңес алды.
Аяулым ЖАМАНҚАРА