Бала көңілденсе – бақыт
Бала көңілденсе – бақыт
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өз Жолдауында «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін» деген болатын. Осы орайда, жуырда облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында» мерекелік қайырымдылық шарасы өтті. Аталмыш іс-шара Балалар жылы аясында және 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – балаларға көтеріңкі көңіл күй, қуаныш сыйлау, жастардың бойына ізгілік ұялату, қамкөңіл жандарға қамқорлық жасау мен бауырмалдыққа тәрбиелеу. Бағдарлама аясында түрлі костюмдегі кейіпкерлер балалардың көңілін көтеріп, қызықты ойындар ойнатты. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақ кейіпкерлер де бір сағаттық қойылым қойып, арты көңілді ойын мен биге ұласты. Сондай-ақ соңына таман облыстық халық шығармашылығы орталығы ұжымының атынан балаларға арналған сый-сияпат, тәттілер тарту етілді.