Кадастрлық картаның көмегі көп болмақ
Кадастрлық картаның көмегі көп болмақ
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қазіргі таңда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Халықтың сұранысын жылдам әрі сапалы орындау үшін бүгінде мемлекеттік қызметтер электрондық жүйеге көшіріліп, тиімділігі артқан. Әр саладағы мемлекеттік қызметтерді цифрлы форматта алу үшін тұрғындар оның жолын білуі тиіс. Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» және мемлекеттік қызметтердің орындалу мерзімдері мен тәртіптері мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмдері ережемен бекітілген, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшіріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы «Бір терезе» қағидасы бойынша және «Е-лицензия», «ИИС – ЦОН» жүйесі арқылы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығына сәйкес, тізілімге (реестрге) жер қатынастарын реттеу саласында 10 мемлекеттік қызмет түрі енгізілген. Олардың 8 түрі «е-Gov» электрондық үкімет порталы және «Е-лицензия» жүйесі арқылы болса, электрондық және қағаз түрінде 2 мемлекеттік қызмет көрсетілуде. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылдың 31 қаңтарындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығына сәйкес, тізілімге (реестрге) жер қатынастарын реттеу саласында 10 мемлекеттік қызмет түрі енгізілген. Олардың 7 түрі «е-Gov» электрондық үкімет порталы арқылы, ал электрондық және қағаз түрінде 2 қызмет, сондай-ақ 1 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіледі. Атап айтқанда, жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру, жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату және жер учаскесін алу үшін кезекке қою. Осы қызмет түрлерін жеңілдетуге ауқымды іс-шаралар жүргізіліп келеді. Аталған жүйелер бойынша былтыр облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы 50, осы жылдың 6 айы бойынша 27 қызмет көрсетті. Сонымен қатар жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін қызмет түрлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» №301 бұйрығына сәйкес біршама өзгерістер енгізілді. Қағидада қызметті берушінің атауы, қызмет көрсету мерзімі, нысаны, нәтижесі, тәсілдері нақты көрсетілген. Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігін айтар болсақ. Мемлекеттік қызметті алумен байланысты ақпаратты алудың қолжетімдігінде, мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңайлатуда, мемлекеттік қызметті алумен байланысты уақытша шығындарды кемітуде, азаматтың өтініші бойынша жұмыстың әр кезеңінде оның хабардарлығында, мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті үй немесе жұмыс компьютерінен беру мүмкіндігінде, электрондық құжат айналым жүйесін енгізу салдарынан бюрократтық сымдарды жоюда, көрсетілетін қызметті берушімен жеке қатынасу кезінде пайда болатын жемқорлық тәуекелдерді азайтуда тиімділігі өте жоғары. Бизнеске жер учаскелерін таңдау және бөлу рәсімдерін цифрлық форматқа көшіру бағытында облыста «E-Jambyl» доменді атауымен өңірлік геоақпараттық жүйе құрылды. Жүйеде облыстың барлық аудан, ауылдық округ және қала кескінінде бос жер учаскелерін көру мүмкіндігі қарастырылған. Өңірлік геоақпараттық жүйеде халыққа қолжетімді ақпарат алу мақсатында облыс аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, анықталған 1,1 миллион гектар (осы жылдың ішінде 25 мың егістік, 7 мың гектар шабындық) бос жер учаскелері орналастырылды. Қазіргі таңда Тараз, Шу, Қаратау және Жаңатас қалалары бойынша барлық деректер енгізіліп, жауапты мамандарға жеке кабинеттері ашылып, онлайн түрде оқыту жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдардың геопорталдарына қойылатын бірыңғай талаптарға сай барлық базалық гис-қабаттар енгізілді, яғни тұрғындар үшін геопорталдың ашық картасына 160 және қызмет бабында пайдалану үшін геопорталдың электрондық кезекші картасына 367 картографиялық деректер әзірленді. Сонымен қатар АИСГЗК (Жер кадастры және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) базасымен интеграция жасалынған. Жаңадан құрылған ақпараттық жүйе жер және құқықтық кадастрлар туралы ақпаратты жинап, жария кадастрлық карта арқылы баршаға қолжетімді болмақ. Онда жер учаскелері, бас жоспарлар, елді мекендердің орналастыруды жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар, жылжымайтын мүлік объектілері және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзге де мәліметтері туралы ақпарат қамтылмақ. «Жария картаның жұмыс істеуі, толтырылуы және пайдаланылуы уәкілетті органдардың келісімі бойынша Цифрлық даму министрлігі бекітетін жекелеген Қағидалармен регламенттеледі. Бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін енгізу жер қатынастары саласындағы рәсімдерді жетілдіруге және оңтайландыруға, сондай-ақ оларды цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Осылайша әкімдікке бармай-ақ, жария кадастрлық картасын пайдалана отырып, «электрондық үкімет» порталы арқылы жергілікті атқарушы органға өтініш бере алады. Жер учаскесін алуға мүдделі тұлға электрондық өтініштен бөлек, жария картасында өзі әзірлеген жер учаскесінің сызбасын ұсынады. Қол қойылған өтініш «электрондық үкімет» порталы арқылы жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Жолданған өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама өтініш берушінің «электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Онда жер учаскесін бөлу схемасын келісу күні көрсетіледі. Сәулет органдары өтініш келіп түскеннен кейін сұратылып отырған жер учаскесінің бас жоспарға және орналастыру жоспарларына сәйкестігін, нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігін айқындайды. Сонымен бірге қолданыстағы инженерлік коммуникацияларды көрсете отырып жер учаскесін бөлу схемасын дайындайды. Әзірленген жер учаскесін бөлу схемасы барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың келісуіне жіберіледі. Табиғи монополия субъектілері инженерлік желілерге қосылудың техникалық шарттарын қосымша ұсынады. Яғни өтініш берушіге жер учаскесін беру шешімі қабылданған жағдайда оған техникалық шарттар бірге ұсынылады. Ал жер учаскесін беру мүмкіндігі жоқ немесе келісуші органдардың теріс қорытындысы болған жағдайда өтініш берушіге әкімдіктің шешімін шығармай-ақ, сәулет органдарының қорытындысы түріндегі дәлелді бас тарту жолданады. Келісілген жер учаскесін бөлудің схемасы келісім жасау үшін өтініш берушінің жеке кабинетіне жолданады. Содан кейін әкімге қол қоюға жіберіледі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты дайындалады. Осылайша, бір өтініш арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. «Әрбір кезеңде құжаттың қаралу барысы жария картада түрлі түстермен көрсетіледі және өтініш берушіге құжаттардың өту мерзімі мен рәсімін цифрлық қадағалауға мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде объектіні тіркеу және есепке алу аталған жылжымайтын мүлік объектісінің бар екенін және оның сипаттамаларын растайды. Бұл тәртіп қалалар аумағында жаңадан берілетін жер учаскелеріне қолданылатын болады. Жалпы айтқанда, азаматтардың мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимыл тұжырымдамасы өзгереді. Барлық ақпараттық жүйені интеграциялау есебінен өтінішті қарау барысына цифрлық бақылау қамтамасыз етіледі және мемлекеттік органдардың жер учаскесін беруде негізсіз бас тартуларының жолын кеседі. Жамбыл облысының өңірлік геоақпараттық (Геопортал РГИС) жүйесіне жер қатынастары саласы бойынша 8 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер геопорталған енгізілді. Бұл қызметтерге тоқталар болсақ. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру», «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау», «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру. Сондай-ақ кәсіпкерлік мақсаттағы бос жер учаскелері де орналасқан. Бұл өз кезегінде аудан, қала тұрғындары кәсіпкерлікпен айналысуға ниеті бар азаматтарға жер учаскесін көруге және таңдауға қолжетімді. Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы кеңсесінде арнайы ақпараттық стенд жабдықталған. Онда көрсетілетін қызметтің түрлері, уақыты, және тағы да басқа мәліметтер орналастырылған. Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер облыс әкімінің www.zhambyl.gov.kz ресми сайтында және басқарманың әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетудің дәрежесін көтеру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» тұрақты өткізілуде.
Бақтияр КӨПБОСЫНОВ, облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы