Мойынқұм ауданында мыс өндіру бойынша инвестициялық жоба іске асады
Мойынқұм ауданында мыс өндіру бойынша инвестициялық жоба іске асады
Халықаралық көрме барысында Жамбыл облысының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға өңдеу өнеркәсібі мен энергетиканың түрлі салаларындағы бірқатар ірі ресейлік компаниялар (Урал эластомерлік тығыздау зауыты, Piton Electric, «КОНАР» өнеркәсіптік тобы, «ЭНЭЛТ» компаниялар тобы және басқалар) қызығушылық танытты. Ресейлік компанияларға Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, ұсынылды. «ИННОПРОМ-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі шеңберіндегі келіссөздердің нәтижесінде Жамбыл облысының әкімдігі мен Урал құрылыс одағы арасындағы жалпы көлемі 66,8 млн. АҚШ долларын құрайтын Мойынқұм ауданында мыс өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісім шартқа қол қойылды. Тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған жұмыстар жалғасатын болады.