АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ
АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ
Он күндік «Soul of Tengri» шарасы аясында қазақстандық сегіз дарынды қолөнершісі бас қосып, келген қонақтарды қолөнерлерін сақтау және келешек ұрпаққа тапсыру туралы әңгімеге тартатын болады. Қолөнер түрлеріне Қазақстанның мәдени мұрасына жататын кесте тігу, киіз басу, тоқыма, ағаш ою және музыкалық аспаптар жасау кіреді. «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің корпоративтік істер жөніндегі басшысы Еркін Зікібаев осы ынтымақтастыққа қатысты өз қуанышын бөлісе отырып: «Шеврон» «Soul of Tengri» бағдарламасы аясында Смитсон институтымен ынтымақтастық құрып отырғанына қуанышты. Біз дүниежүзінде мәдени әртүрлілікті және шығармашылық ерекшеліктерді қолдаймыз. Осы бастама арқылы Қазақстанның жарқын мұрасын кеңінен танытып, қазақстандық қолөнершілердің бүкіл әлем қауымдастығымен мәдени алмасуына қолдау көрсетеміз», – деді. Смитсон институтының Фольклорлық және мәдени мұра орталығы 2020 жылы Алматы қаласында Қазақстан қолөнершілер одағы, «Шеврон» компаниясы және АҚШ Мемлекеттік департаменті арасындағы ынтымақтастық құруды қолға алды. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты ортақ қолөнер дәстүрлері бар қазақстандық және америкалық қолөнершілерді біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуына септігін тигізу. Сонымен қатар бұл орталық қазақ жастарының мәдени және шығармашылық салаға қызығушылығын арттыру үшін «Makerspace Expands!» виртуалдық және бетпе-бет шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Осы бастамалардың жетістіктеріне сүйене отырып, «Тәңір жаны» бағдарламасы Қазақстанның көшпенді өмір тарихынан және Ұлттық азиялық өнер мұражайында жақында қолға алынған «Artisan-in-Residence» бағдарламасынан шабыт алады. Орталықтың арнайы жобалар директоры Халле Бутвин: «Soul of Tengri» бағдарламасы Қазақстанның көшпенді өнерінің бай мұрасынан нәр алады. Көрсетімдер мен шеберлік сабақтар арқылы қатысушы қолөнершілер бұл дәстүрлердің қалай пайда болғанын және қазіргі заманның мәдени өмірінде қалай дамып келе жатқанын көрсетеді», – деді. Бағдарлама аясында фестиваль қонақтары қолөнерші шеберлер Дженис Арнольд пен Айжан Бекқұлова өткізетін киіз басу шеберлік сабақтарына қатыса алады. Шараның шарықтау шегі 11 шілдеде Ұлттық азиялық өнер мұражайының Meyer Auditorium залында өтетін Қолөнершілер одағының сәндік дизайнының көрсетілімімен аяқталады. «Шеврон» «Soul of Tengri» сияқты бастамалар арқылы мәдени әралуандылықты қолдайды, шығармашылық ерекшеліктерді дамытады және Қазақстанның мәдени мұрасын әлемге паш етеді.