Жаңалықтар

Пәкістан азаматы бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті.

Пәкістан азаматы бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті.

Пәкістан азаматы бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші Пәкістан азаматы бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті. Ол онлайн жүздесу барысында жақын-жуықтарының амандығын біліп, аз-кем тілдесті. Соңында туған-туыстарымен байланыс орнатуға мүмкіндік берген мекеме әкімшілігіне алғысын білдірді. Айта кетейік, өзге елдің азаматы ҚР Қылмыстық Кодексінің 392 бабының 1 бөлігімен 6 айға бас бостандығынан айырылған.