Жамбыл облысы бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 84,4-ті құрады
Жамбыл облысы бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 84,4-ті құрады
2022-2023 оқу жылында облыстағы 382 орта мектептің 370-де 11 сыныпты – 12115 оқушы (11675-сі – күндізгі, 440 – кешкі мектептерді), мемлекеттік мектептерді – 10437, жеке меншік мектептерді – 1201, бітірді. 15 оқушы арнайы оқу орындарын бітірсе, 22 оқушы облыстық спорт-интернатты бітірді. Оның ішінде 9535-і қазақ тілінде, 2568-і орыс тілінде, 12-сі өзбек тілінде оқыды. 9 сыныпты 22956 оқушы бітірді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі «2022-2023 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» №88 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының 1-11(12)-сыныптарында оқу сабақтары 31 мамырда аяқталды. Осыған байланысты дәстүрлі мектеп бітіру іс-шаралары: - 2023 жылғы 1 маусымда – оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» мерекесі; - 2023 жылғы 21 маусым – білім беру ұйымының қабырғасында мектеп бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестатын тапсыру кештері ұйымдастырылып өткізілді. 9 сыныптарда қорытынды аттестаттау 4 пән бойынша 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өтсе, 11 сыныптарда 5 пән бойынша 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өтті. 11 сынып бітірген 12115 мектеп бітірушінің 91-і денсаулықтарына байланысты, 5-і Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше болуына байланысты қорытынды аттестаттаудан босатылды, жалпы қорытынды аттестаттауға 11989 мектеп бітіруші қатысып, кешкі мектептердің 29 түлегі қорытынды аттестаттаудан бас тартып, анықтама алса, 1 оқушы қайтыс болған, 12085 түлек жалпы орта білім туралы аттестат алды. 9 сынып бітірген 22956 оқушының 263-і денсаулықтарына байланысты, 4-і Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше болуына байланысты қорытынды аттестаттаудан босатылды. Жалпы қорытынды аттестаттауға 22687 оқушы қатысып, 2-і оқушы қайтыс болған, 22954 оқушы негізгі орта білім туралы аттестат алды. Жалпы қорытынды аттестаттау өз дәрежесінде өтті. 305 мектеп бітіруші «Алтын белгі» төс белгісінің иегері атанды, 11-сыныпты бітірген 852 мектеп бітіруші Үздік аттестатының иегері болса, 9-сыныпты бітірген 1611 оқушы Үздік аттестат иегерлері болды. Облыс бойынша оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 67,6 %-ды құрады. Өткен оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,5 %-ға жоғары. ҰБТ 18 мамырда басталып, 4-ші шілдеге дейін жалғасты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 15.05.2023 жылғы №206 бұйрығына сәйкес тестілеу облыс аумағында екі «Ustudy» ЖШС-нің ҰБТ тапсыру 2 пункттерінде өткізілді (Тараз қаласында 210 орындық (Тәуке хан көшесі, 24), Шу ауданында 100 орындық пункт (Төле би ауылы, Қонаев көшесі, 92)). 2021 жылдан бері ҰБТ-ның жаңа форматы мектеп бітірушілерге өте қолайлы болды, себебі биылғы ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Екі тестілеудің қайсысынан талапкер жоғары балл жинаса, сол нәтижемен мемлекеттік грантқа үміткер ретінде конкурсқа қатысады. Тестілеуге 12115 мектеп бітірушінің 9373-і базаға тіркеліп, 9119-ы (75,3%) қатысты (өткен жылы – 11751 бітірушінің 8756-ы ҰБТ қатысты 73,6%). Облыс бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 84,4-ті құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 1,9-ға жоғары болды (2022 жылы – 82,5 балл). Анықтама үшін: Оның ішінде 137 баллды 1 оқушы алды, ол Тараз қаласы «125 Education» ЖШС жеке меншік мектептің түлегі Алтынханқызы Назерке 137 баллды иеленді; 135 баллды Т.Рысқұлов пен Шу аудандарының түлектері алды; 100-ден жоғары балл алған мектеп бітірушілер саны 369-ға көбейіп, 1587-і құрады (17,4%) (2022 жылы – 1218 немесе 13,9% ). Шекті деңгейден өтпеген бтірушілер саны 195 кеміп, 314-і (3,4%) құрады (2022 жыл - 509 түлек немесе 5,8%). Жалпыға бірдей міндетті орта білім қоры туралы 2023 жылы жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен жекелеген санаттағы отбасынан шыққан 48 671 оқушыны әлеуметтік қолдауға 5,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде: - тамақтандыруға 3 545 871,0 мың теңге; - киім-кешекке 1 974 436 мың теңге; - жазғы сауықтыру демалысын өткізуге 351 283,0 мың теңге. Бұл көрсеткіш мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінген шығындарынан облыс бойынша 6,1%-ды құрайды (ҚР Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 Қаулысына сәйкес 2%). Облыс мектептерінде жалпыға бірдей міндетті орта білім қорынан бөлінген қаржы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысында көрсетілген 5 санаттағы балаларға жұмсалады. Олар: 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар; 2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар; 3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар; 4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар; 5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын балалар. Облыс мектептерінде 2021 жылдан бері киім-кешекке бөлінген қаржы ата-аналардың шоттарына аударылуда. Себебі, алдыңғы жылдары аудандық білім бөлімдерінің мемлекеттік сатып алу арқылы берілген киімдердің сапасына байланысты ата-аналар наразылық білдірген. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына 2022 жылғы 8 тамызда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары әрбір білім алушы мен тәрбиеленушіге киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға арналған бюджет қаражатының көлемін қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілейді. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек ақшалай нысанда жүзеге асырылады» делінген. 2023 жылы мектеп формасына 48 671 балаға 40 567 теңгеден 1 млрд. 974 млн. 436 мың теңге қаржы қарастырылып отыр. Сондай-ақ, жыл сайын «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен көмектер көрсетіледі. 2022 жылы демеушілер есебінен 7 656 балаға 108 млн. 308 мың теңгеге көмек көрсетілді. 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту туралы Облыстағы 446 мектептің 410-да (92,1%) асхана бар. 2023 жылы жалпыға бірдей міндетті орта білім қорынан оқушыларды тамақтандыруға 3,5 млрд. теңге қаржы бөлінген. Тамақтың құны орташа есеппен 450 теңгені құрайды. 2022-2023 оқу жылында ыстық тамақпен қамтылған бала саны 49 137. Облыс бойынша 1-4 сынып оқушыларының жалпы саны 94 373, оның ішінде жекелеген санаттағы 23 400 (25%) оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығымен бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралардың 77 - тармағында 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту туралы тапсырма берілген. Осыған байланысты, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық 1-4 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Оған Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №23-3 шешімінің негізінде 2,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Жазғы сауықтыру 10 шілдедегі мәліметтер бойынша 8 қала сыртындағы (Болашақ, Рауан, Ә.Молдағұлова, Тау самалы, Берікқара, Балауса, Жұлдыз, «Казфосфат»АҚ-на қарасты «Жұлдыз») сауықтыру лагерьлерінде сауықтырумен қамтылатын жоспарлы 7614 баланың 3760-і (49,4%) дамалыспен қамтылды. Оның 3-і мемлекеттік, 5-і мемлекеттік емес лагерьлер. Сонымен бірге, «Қазақстан халқы» қорынан демалатын облыстың 1400 баласының 1000-і(71,4%) (1 ауысымда -350, 2 ауысымда 287 - Жамбыл, Байзақ, Талас, Мойынқұм, Меркі, Сарысу аудандарының балалары) қала сыртындағы «Болашақ» лагерінде 7 маусымнан бастап кезең-кезеңмен дамалуда. Қала сыртындағы жұмысты бастаған лагерьлердің барлығы жергілікті СЭС және төтенше жағдай департаменттерінің қорытындылары алынған. Сол сияқты, 400 мектеп жанындағы тамақтандырумен ұйымдастыртын лагерьлерде 35993 (18,0%), 404 мектеп жанындағы демалыс алаңдарында 61 860 (30,7%) бала түрлі бағыттағы іс-шаралармен қамтылып отыр. Мектеп жанындағы демалыс алаңдарындағы балалардың 11848 (5,6%) баласы облыстың тарихи-мәдени орындарына экскурсияға шыққан. Биылғы жылы Жамбыл облысындағы «Казтрансгаз» АҚ жұмыскерлерінің 400 баласын Түркістан облысындағы Машат аумағында орналасқан «DREAM CAMP» балалар сауықтыру лагерінде демалыспен қамтуды бастады. (бір балаға жолдама құны 135 мыңды құрайды). Облыс бойынша 38 мектептен тыс мекемелерде жаздық бағдарлама бойынша 39 мың бала түрлі үйірмелерде шұғылдануда. Жалпы 19 маусымға 151 995 (75,6,2%) бала жазғы бағдарлама бойынша түрлі бағыттағы іс-шаралармен қамтылып отыр. Қорыта келгенде аудандар мен Тараз қаласына қарасты 404 мектебі балаларды жазғы демалыспен қамту бойынша жұмыс жүргізуде. 2023 жылға 17 білім нысандарының (14 мектеп, 1 мектеп-интернат, 1 балабақша, 1 колледж) күрделі жөндеу жұмыстарына 4,4 млрд. теңге қаржы қарастырылды. Бүгінгі күні 17 білім нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары басталып, жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағыттағы іс-шаралар білім басқармасының күнделікті бақылауында болады.