«Қазақстан барысы» Ғалымжан Қырықбайға Тараздан 2 бөлмелі пәтер берілді
«Қазақстан барысы» Ғалымжан Қырықбайға Тараздан 2 бөлмелі пәтер берілді
Таразда Астана күніне орай ашық аспан астында «Еңселі Елордам» атты мерекелік шара өтті.
Салтанатты шарада бас қаланың жетістігі, өткені мен бүгіні туралы бейне-ролик көрсетіліп, белгіленген жерлерде спорт шаралары ұйымдастырылды.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жиналғандарды елорданың 5 жылдығымен құттықтады.
Нұржан Нұржігітов өз сөзінде жуырда ғана өткен республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде жеңімпаз атанып, жерлестерінің мерейін асырған Ғалымжан Қырықбайдың жетістігін айрықша атап өтті.