Жамбыл облысы Сұлутөр ауылында жаңа спорттық кешен пайдалануға берілді
Жамбыл облысы Сұлутөр ауылында жаңа спорттық кешен пайдалануға берілді
Сұлутөр ауылдық округіндегі жаңа спорттық нысанның ашылуына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, тұрғындарды мерекемен және қуаныштарымен құттықтады.
Бұдан соң Сұлутөр ауылының ардагері, Қарой ауылдық округінің қоғамдық кеңестің төрағасы Абай Мадалиев сөз алып, мемлекет және облыс басшылығы тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Сондай-ақ, ол жаңа нысан ауылдықтардың игілігіне жарайтынын атап өтті. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінің жалпы құны – 322 миллион теңге. Заманауи үлгідегі, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген нысанның құрылысын «Ай–Дин Тараз құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Сыйымдылығы 150-ден аса адамды құрайтын кешенде ауыл тұрғындары спорттың 10-ға жуық түрімен айналысатын болады. Айта кетейік, бүгінде Жамбыл ауданы бойынша 171 спорттық нысан бар.