Шаһардың ажарын ашқан аквапарк
Шаһардың ажарын ашқан аквапарк
Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов кешен директоры Айбек Оршубековпен бірге ауқымды нысанның лентасын қиып, аралап көрді. Ауқымды жоба өңірдегі туризмді дамыту бағдарламасы шеңберінде қолға алынған. Құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын кешен жалпы 1,9 гектар аумақты алып жатыр. Сыйымдылығы 2000 адамға шақталған. Мұнда түрлі әткеншек, толқынды бассейн секілді заманауи құрылғылар орнатылған. «South Holiday» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Айбек Оршубековтің айтуынша, Орталық Азиядағы ірі аквапарктердің бірі саналатын бұл кешенде алдағы уақытта бес жұлдызды қонақүй, ойын-сауық және өзге де сервистік орталықтар іске қосылмақ. Салтанатты түрде пайдалануға берілген демалыс аймағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналары сөзсіз.