Жамбыл жаңалықтары

«QAMQOR» ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

«QAMQOR» ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

Облыс орталығында әлеуметтік «Qamqor» дүкені ашылды. «Жаса жастар» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырған жобаға облыс басшылығы қолдау білдіріп, жастар саясаты мәселелері басқармасы да осы игі істің басы-қасында болды.

Бұл дүкеннің негізгі міндеті – шаһардағы мейірімді жандардан келіп түскен киімдер мен тұрмыстық заттарды тұрмысы төмен отбасылардың балаларына табыстау. Дүкен «Мыңбұлақ» ықшамауданындағы №9 үйдің бірінші қабатында орналасқан. Әлеуметтік нысан дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Дүкеннің ашылу салтанатында облыс әкімдігіне қарасты жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Рахымбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, замандастарының жақсы бастамасына сәттілік тіледі. Атап өтейік, былтыр шаһарымызда дәл осындай 3 дүкен ашылған болатын. Ұйымдастырушылардың сөзінше, халық үшін тиімділігі мол мұндай игілікті жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

А.БЕКЕНҚЫЗЫ