«CHESS ХАНШАЙЫМЫ – TARAZ» ШАХМАТШЫ ҚЫЗДАР ШЕБЕРЛІК СЫНАСТЫ
«CHESS ХАНШАЙЫМЫ – TARAZ» ШАХМАТШЫ ҚЫЗДАР ШЕБЕРЛІК СЫНАСТЫ
Сайысқа 6 жастан 17 жасқа дейінгі қыздар қатысты. Жарыс барысында халықаралық гроссмейстер, шахматтан әйелдер арасында ҚР кубогінің жеңімпазы, әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Мадина Даулетбаевамен бір мезгілде ойын сеансы өтті. «Chess Ханшайымы – TARAZ» турнирінің 20 үздік қатысушы халықаралық гроссмейстермен ойнау мүмкіндігіне ие болды. – Іс-шара арқылы шахматты зияткерлік спорт түрі ретінде танымал етуді, балалар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуды, сондай-ақ жас шахматшылардың спорттық шеберлігін арттыруды көздедік. Жарыстың жүлде қоры ретінде 200 000 теңге және 20 ынталандыру сыйлық әзірленді. Нәтижесінде І орынды Тараз қаласындағы №39 мектептің 3-сынып оқушысы Бибісара Абылайқызы олжаласа, ІІ орынды Тараз қаласындағы №40 гимназияның 6-сынып оқушысы Юлия Финько жеңіп алды. Ал ІІІ орын тұғырынан Меркі ауданынан келген 6-сынып оқушысы Камила Асланқызы көрінді. Сондай-ақ Т.Рысқұлов ауданынан келген Айдана Рысқұл, тараздық Аиша Құралбек, меркілік Балнұр Әзімхан үздіктердің қатарынан табылды, – дейді облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева.
Қ.РАХМЕТУЛЛИНА