ДОМБЫРАНЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰЛТ ПАРЫЗЫ
ДОМБЫРАНЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰЛТ ПАРЫЗЫ
Алпыс екі тамырды идіріп, ет жүректі елжіреткен киелі домбыраның қоңыр үні кез келген жан баласын таңғалдырмай қоймас?! Аталған мерекеге орай облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің Көрме залының меңгерушісі Вера Майковичтің және домбырашы Рүстем Малдыбаевтың қатысуымен Жасөркен ауылындағы «Болашақ» лагерінде айтулы іс-шара өтті. ҚР Мәдениет қайраткері, күйші, сазгер және «Көне Тараз» күйінің авторы Аман Малдыбаевтың ізін жалғаушы, домбырашы Р.Малдыбаев әйгілі «Балбырауын», «Әлқисса», «Шаттанамын» күйлерінің шығу тарихына тоқталып, нақышына келтіріп орындап берді. Өз кезегінде В.Майкович жасөспірімдердің арасынан жас суретшілерді іріктеп, «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай «Домбыра» тақырыбында сурет салуды тапсырды. Сондай-ақ қатысушыларға бағыт-бағдар беріп, бірге сурет салуға атсалысты. Нәтижесінде екі топқа бөлінген жас суретшілердің қолынан таңғажайып туынды пайда болды. Іс-шара соңында В.Майкович суретшілерге арнайы сыйлықтар табыс етті.
«AR-AI»-ақпарат