Әлеумет

Таксист-курьерлерден салық қалай алынады?

Таксист-курьерлерден салық қалай алынады?

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Ara BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік кодексте икемді жұмыспен қамтылған таксистер мен курьерлер «тәуелсіз жұмыскер» болып есептеледі. Олар табыс әкелетін еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға деп танылды.

Онлайн-платформалардың операторлары қолданыстағы салық режиміне сәйкес жұмыскерлерге салық төлемдерді және әлеуметтік аударымдарды аударатын болады.

Сарбасов енгізілген оңтайлы режимдер бүгінгі қызметкерлерден қосымша тіркеуді талап етпейтінін және оларға қосымша қаржылық жүктеменің болмайтынын атап өтті. Айта кетейік, азаматтарға жұмыс іздеу, жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмысынан айырылған кезде арнайы төлемдерге өтініш беру процесстері толық цифрланып, Электрондық еңбек биржасы арқылы жүзеге аса бастады.