Жаңалықтар

«Титаник» кемесін көзбен көргісі келген миллиардерлер ажал құшты

«Титаник» кемесін көзбен көргісі келген миллиардерлер ажал құшты

АҚШ-тың Жағалау күзетінің хабарлауынша, Атлант мұхитында «Титаник» кемесін іздеуге шыққан «Титан» батискафының сынықтары табылды.

Батискафта суға батқан «Титаник» кемесін көзбен көргісі келген миллиардерлер Стоктон Раш, Поль-Анри Наржоле, Хэмиш Хардин, Шахзада Давуд пен оның ұлы Сүлейман Давуд болған.

Еске сала кетсек, «Титаник» кемесі 1912 жылы 14 сәуірде 1496 адамымен суға батқан.