Әлеумет

КЕМЕ ҮЛГІЛЕРІН КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ

КЕМЕ ҮЛГІЛЕРІН КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ

Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағында кеме үлгілерін жасау спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт, білім басқармасының және Қазақстан кеме жасау спорты федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарыс кеме үлгілерінің көрсетілімінен басталды.

Конкурсқа қатысушы кеме модельдеуші нақты кемені немесе кемені толығымен көшіретін үлгі жасауы керек. Жұмыс сызбаларды, кеменің фотосуреттерін, оның тарихы мен дизайнын зерттеуден басталады. Содан кейін спортшы модельдің әрбір деталін өз қолымен жасайды. Оған бар жан-тәнін салып, заманауи модель жасау технологияларын қолдана отырып, станоктарда, құралдармен және әртүрлі материалдармен жұмыс істеуді үйренеді. Жарысқа 11 команда қатысты. Қазылар алқасы кеменің қалай салынғанын сызбаға, түсіне, өлшеміне, бөлшектердің қанықтылығына қарай бағалады. Ең көп ұпай – 100 ұпай. Қазылар алқасының шешімімен I орынды Қарағанды облысының, II орынды Ақтөбе облысының командасы еншіледі. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысының командасы түйіндеді. Үздік кеме модельдеушілері дипломдармен, медальдармен марапатталды. Жарысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдірді.

Гаухар АБАТОВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті