Әлеумет

ҮЙІНДЕ ОТЫРЫП ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРДЫ

ҮЙІНДЕ ОТЫРЫП ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРДЫ

Бүгінде ел азаматтарының ішінде темірді қолға үйреткен өнертапқыш жандар баршылық. Сондай қара темірге жүген салғандардың бірі – Орынбасар Көбеев.

Аса ауылында тұратын азамат бес саусағына тұнған өнерімен ойда жүрген идеясын жүзеге асыруды жөн көріпті. Тастанды қалдық темірлерді икемге келтіріп, дәнекерлеп, бір айдың ішінде трактордың нұсқасын құрастырған. Үйдегі тірлікке таптырмас шағын техниканы құраған ол мұның алдында темірден түрлі түйін түйіп, тіркеме және басқа да қажеттіліктерді жасап шыққан. Техниканың қозғалтқыштарын істен шыққан көліктерден алып, қажетті заттарды арнайы сатып алған. Бүгінде үй шаруасына, күл-қоқыс тазалауға пайдалануда. Шағын техниканы құрауға 800 мың теңгесін шығындаған.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы