Әлеумет

Мемлекеттік қызметші – мемлекет айнасы

Мемлекеттік қызметші – мемлекет айнасы

Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді.

Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметшіге халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң щеңберінде шешу талап етіледі. Мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой мен міндет. Әрбір мемлекеттік қызметші – билік пен халық арасында байланыстырушы буын. Кез келген деңгейдегі мемлекеттік қызметші лауазымы басқа мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жағдайы. Мемлекеттік қызметшінің сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы – әдептіліктің белгісі. Мемлекеттік қызметші бір саланы қамтитын мамандық емес, ол Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жергілікті жерде жүргізетін, халықпен тығыз байланыс орнататын, елдің мұң-мұқтажына құлақ асып, қойылған міндеттерді жүзеге асырушы мемлекетіміздің бет-бейнесі. Адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, кәсіби шеберлік пен біліктілігімізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізде өркендету жолында еселі еңбек ету – басты мақсатымыз.

Азамат АСҚАРБЕКҰЛЫ, облыстық әділет департаменті әкімшілік бөлімінің бас маманы