«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» ережесі өзгерді
«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» ережесі өзгерді
Мәселен, заңды тұлғалар – құрылыс салушы және уәкілетті компания мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы, яғни «www.egov.kz», «www.elicense.kz» немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы тиісті құжаттарды береді. Атап айтар болсақ, екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш өткізілуі керек. Сондай-ақ өткізілетін құжаттар қатарында құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, Астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісі болуы қажет. Мемлекет берген уақытша өтеулі жерді пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне акті («Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде) болуы шарт. Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы керек. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш қажет. Салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, Астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісі болуы талап етіледі. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады. Мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне акті («Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде) керек. Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы, көппәтерлі тұрғын үй қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебі, инжинирингтік компаниямен шарт болуы қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілетін қызметті беруші құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады. Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңда көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға (көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жарнамасын жүзеге асыруға) тыйым салынады. Үлескерлердің ақшасын тартуды уәкілетті компания облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасының рұқсаты негізінде жүзеге асырады. Өйткені бүгінде үлескерлердің ақшасын заңсыз жолмен алып, қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері жиі орын алуда. Осыған орай облыста алдағы уақытта әлеуметтік шиеленіс мәселесін тудырмау мақсатында тұрғын үй құрылысын салушыларға бақылауды күшейту, қадағалау талаптарын (жылжымайтын мүлікті сату бойынша «krisha.kz.» «Іnstagram» әлеуметтік сайттарында жоғарыда аталған құрылыс нысандары бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді сату туралы жарнама жасалады) облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы жүргізетін болады. Жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен құрылыс нысанын салу барысында «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алмаған және әлеуметтік сайттарда көппәтерлі тұрғын үйлерді сату бойынша жарнамалау жұмыстарын жүргізген жағдайда ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 320-бабына сәйкес, сот органының шешімімен айыппұл салуға алып келеді. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда Төле би көшесі №35а (байланыс нөмірі: 8 (7262) 43-78-80, 43-47-82) мекенжайынан ақпарат алуға болады.
Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы