АҚТАҢДАҚТАР АҚИҚАТЫН ҰҒЫНУ – БҮГІНГІ ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ
АҚТАҢДАҚТАР АҚИҚАТЫН ҰҒЫНУ – БҮГІНГІ ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ
Кеше саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жамбылдық зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен қала тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Еске алу шарасына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы қатысып, тағзым етті.
Тараз қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі осы зұлмат заманда жапа шеккен жандардың құрметіне қойылған ескерткіштің маңында өтті. Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Айта кетейік, қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Президентіміздің тапсырмасына сәйкес ашаршылық тақырыбын кеңінен зерттеу ісі де қолға алынған. Зұлмат жылдардың құрбандарын әрқашан есте сақтап, рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі