Пияз бағасы 500 теңгеге дейін қымбаттамайды – Сауда министрлігі
Пияз бағасы 500 теңгеге дейін қымбаттамайды – Сауда министрлігі
Мәжілістегі Үкімет сағатынан шыққан министрдің бірінші орынбасары көкөністердің бағасы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. «Биылдан бастап былай істегелі отырмыз: әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алуға 100 млрд теңге бөлінсе, оның 70%-ы тікелей өндірушілерге бағытталады. Өнімнің 30%-ы Қазақстанда өндірілмейді немесе жеткіліксіз мөлшерде өндіріледі. Осындай жағдайда ғана айналым схемасы қолданылады. Бірақ оған қатысушылар, ең батысы, қатаң міндеттеме алады. Мысалы, ақшаны сізге 5%-бен беремін, сіз қаржыны тауардың құнына және қажетті көлемге айналдырасыз. Оның үстіне жыл бойы баға көтерілмеуі керек деген қатаң міндеттеме болады», - деді Арман Шаққалиев. Сондай-ақ вице-министр биыл қыста пияз 500 теңгеге дейін қымбатамайтынын атап өтті.