Сарысу ауданында жаңа әкім
Сарысу ауданында жаңа әкім
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, аймақ басшысы аудан басшылығына өңірдің экономикасын арттыру, инвестиция тарту, әлеуметтік мәселелерді шешу, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату мәселелері бойынша бірқатар нақты міндеттер жүктеп, жұмысқа деген жаңаша көзқарас қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, Сәкен Мамытов 1974 жылы Сарысу ауданында туған. 2007 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Жаңатас нан зауытында жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары «Жаңатас нан» АҚ вице-президенті, Жаңатас әскерилендірілген құтқару взводының құтқарушысы, бөлімше командирі, Сарысу ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің, кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, 2016-2019 жылдары Жаңатас қаласының әкімі, 2019-2021 жылдары Сарысу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы және 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.