ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Жанар Жексенбайқызы келтірген дерекке сүйенсек, мүгедектік 7 жасқа дейінгі балаларға – 6 айға, 1, 2 не 5 жылға немесе жеті жасқа толғанға дейін; 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға – 6 айға, 1, 2, 5 жылға, 18 жасқа дейін және ересектерге – 6 айға, 1, 2, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді. Қайта куәландыруды қажет етпейтін жағдаяттарға қалпына келмейтін белгілі аурулардың соңғы сатысы мен зейнет жасындағы адамдардың оңалу болжамы төмен болу факторлары әсер етеді. – Мүгедектікті, еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті анықтау тәртібі 2015 жылғы 30 қаңтарда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің №44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу» қағидаларымен айқындалған. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге медициналық ұйымдардың дәрігерлік-кеңестік комиссиясының 031/е нысандағы қорытындысы негіз болады. Медициналық-әлеуметтік сараптама МӘС бөлімінде, емдеу, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторында, үйде, сырттай жүргізіледі. Диагнозы анықталған күннен бастап кемінде 4 айдан кем емес мерзімде клиникалық-диагностикалық, емдік-оңалту шаралар кешенін толық көлемде жүргізіп, ауру, жарақат, туабітті және туғаннан кейін пайда болған ақауларға, кемістіктерге, жарақаттану салдарынан организм функцияларының бұзылуы тұрақты қалыптасуынан тұлғаның еңбекке, жүріп тұруға, өз мінез-құлқын қадағалауға, күнделікті физиологиялық мұқтаждығын өтеуге, кеңістікте еркін қозғалуына, қарым-қатынасқа түсуге, жан-жағын бағдарлау қабілеті, балалардың ойынға және танымдық-белсенділігінің шектелуі анықталған жағдайда медициналық ұйымдар тұлғаны медициналық-әлеуметтік сараптамаға куәландыруға жіберулері тиіс. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу негізділігін, диагностикалық, оңалту шараларының толықтығын және көлемін дәрігерлік-кеңестік комиссиясының төрағасы немесе төрайымы қамтамасыз етеді. Куәландыру тұлғаның немесе оның заңды өкілінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге өтініші, жеке басын куәландыратын құжатын немесе цифрлық құжаттар қызмет көрсету жүйесінен электрондық құжаты негізінде, сонымен қатар «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйеден ЭЦҚ-мен серттификатталған мәліметтер негізінде жүргізіледі, – дейді Ж. Жексенбайқызы. Құзырлы орган мүгедектікті белгілеумен қатар, оларды оңалту шараларына да ден қояды. Оңалту ісінде құжатты бір мекемеден, бюрократиялық кедергісіз жүзеге асыру мақсатында облыста 2021 жылдың 8 қарашасынан пилоттық жоба қолға алынған. Жоба аясында автоматты түрде 3 экстерриториялық сарапшы таңдалынып, құжаттарды 3 жұмыс күні ішінде қарастырып, сараптамалық қорытынды шығаруға жіберіледі.
Жұлдызай МҰСАЕВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті