«Кеңес беру алаңы» ұйымдастырылды
«Кеңес беру алаңы» ұйымдастырылды
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Кеңес беру алаңында» «Отбасы банк» мамандары жастарға отбасылық депозит ашу жайын түсіндірсе, бұдан бөлек бизнес бастағысы келетіндерге берілетін жеңілдетілген несие талаптары таныстырылды. Сонымен қатар «Халықты жұмыспен қамту орталығының» мамандары жастардың жеке сұрақтарына тұшымды жауаптар қайтарып, оларға бірнеше жұмыс түрлерін ұсынды. Мамандықтарына байланысты бос орындарға нұсқаулар жасалып, аталған жұмыс орындарына қалай орналасуға болатыны жайлы бағыт-бағдар берілді. Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар қала тұрғындарымен тілдесіп, өз кеңесін берді. Ал «Ауылшаруашылығы несие корпорациясының» мамандары 2,5 пайыздық несие алудың жолдарын жастарға кеңінен тарқатып айтты. Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары азаматтарға моральдік жағынан қолдау көрсетіп, олармен жеке сұхбат жүргізді.
Асыл БЕКБЕРГЕНОВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті