МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТӘЛІМГЕРЛЕР САЙЛАНДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТӘЛІМГЕРЛЕР САЙЛАНДЫ
Басқосуда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Лесбек Илебаев, Мемлекет және қоғам қайраткері Батырбек Құлекеев, облыстық ономастикалық комиссияның мүшесі Үртай Сапақова, Тараз қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Сембек Сейдазимов, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Жанар Орынбаева өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы кеңестерін ортаға салды. Заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін жаңадан кірген азаматтарға сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімі кезеңі тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлер бекітіледі. Тәлімгер қызметшіге таңдаған мамандығын игеруге, мәдени және кәсіби зерденің дамуына көмектеседі, қызметтік міндеттерді түсіндіріп, оларды сапалы орындаудың әдістері мен тәсілдерін көрсетеді. Оны ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, салауатты өмір салтын жүргізуге тартады, патриотизмге тәрбиелейді. Бұл қадам қызметшіге жұмысын тиімді жүзеге асырудың, сондай-ақ қойылған міндеттерді өздігімен шешудің оң үлгісі болып табылады. «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының отырысы алдағы уақытта тоқсанына бір рет өткізіледі деп жоспарлануда.
Э. ТІЛЕУБЕРДІҚЫЗЫ