Жаңалықтар

«ӘКЕНІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ ТАУДАН БИІК...»

«ӘКЕНІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ ТАУДАН БИІК...»

«Әкелер күні» мерекесіне орай дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасының тұрақты дамуы мен бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін ілгерілету мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Әкенің қамқорлығы таудан биік...» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіәзиз Қошқаров және ұлы, №1 полиция бөлімінің взвод командирі, полиция капитаны Қайрат Әбдіәзизұлы, аталмыш басқарманың зейнеткері Алтынхан Аймкулов және ұлы, полиция аға лейтенанты Қыпшақбай Есіркепбаев, «Қазфосфат» ЖШС кәсіпорнының зейнеткері Тоқтамыс Бейісбеков пен ұлы, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың бас есепшісі Нұрхат Тоқтамысов, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана директорының орынбасары Ермек Нарымбетов, ұлы, №12 мектеп гимназияның 8-сынып оқушысы Ерасыл Үшкемпір, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменттің бас маманы Айбек Ажибаев қатысты. Кеш қонақтары әке мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы ой қозғап, әр шаңырақта әкенің орны ерекше екенін, әке отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, екендігі туралы әңгіме өрбіді.