«ТАРАЗДЫҢ ТАРЛАНДАРЫ – АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ» КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
«ТАРАЗДЫҢ ТАРЛАНДАРЫ – АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ» КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі, ҚР тарихшылары Ұлттық конгресінің мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, Шу ауданының Құрметті азаматы Тұңғышбек Байқұлов пен әдебиетші-аудармашы, белгілі баспагер Ерлан Сатыбалдиевтің «Тараздың тарландары – Алаштың ардақтысы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің, «Тарих және география» кафедрасының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейдахан Бақторазов, дәрігер, журналист, Жамбыл обаға қарсы күрес стансасы директорының орынбасары Мирзатаев Жәнібек Мирзатаев, Бұралқы болыстың шөбересі Жұмабек Әбілдаев, ҚР Журналистер одағының мүшесі Ерман Әбдиев Тұңғышбек Байқұловтың қызы Ләйлә Бақұлова мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Тар заманды тағылыммен тірілткен «Тараздың тарландары – Алаштың ардақтысы» кітабында Әулиеата өңіріндегі Алаш қозғалысына үлесін қосқан ғалым Мұстафа Бұралқиев пен әкесі Бұралқы болыс жайында тарихи деректер мен естеліктер қамтылған.