Жаңалықтар

ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі

ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәжіліс кулуарында құқық қорғау органдары бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізетінін айтты, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, журналистер ІІМ басшысынан Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізу туралы сұрады.

Өрттің ықтимал себептеріне тоқталған ішкі істер министрі бүгінде әртүрлі нұсқалар зерттеліп жатқанын атап өтті.