Зейнетақы қоры ақшаны доллармен жинауды көбейтеді
Зейнетақы қоры ақшаны доллармен жинауды көбейтеді
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер еткен факторлар мен валюта нарығындағы операциялар туралы айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Биыл мамырда теңгенің айырбастау бағамының динамикасына көбінесе ішкі факторлар әсер еткен.
Оның айутынша, трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан валютаны сату көлемі 800 млн доллар болып тіркелген. Маусымда сату көлемі азайып, шамамен 500-550 млн доллары болады. Сонымен қатар зейнетақы қоры ақшаны доллармен жинауды көбейткен.
Ол мамырда Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізбегенін атап өтті. «Квазимемлекеттік сектор субъектілері өз кезегінде валюталық түсімнің бір бөлігін ішкі нарықта сатуды жалғастырып жатыр. Міндетті сату көлемі мамырда 323 млн доллар болды», - деді Молдабекова.