Білім

ТШО өнертапқыштары Таразда

ТШО өнертапқыштары Таразда

Бүгін Тараз қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық-шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысының алғашқы күні өтті. Жарыстың мақсаты -  балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау. Аталмыш сайыстың алғашқы күні кеме модельдері және зымыран модельдері түрлері  бойынша Үш-Бұлақ станциясы мен Жеңіс саябағында өтті. Жарысқа бас аяғы әр өңірден 180 білім алушы қатысуда.Жарыстың қалған бөлігі 10 маусымда ТШО мен №30 мектеп гимназияда радиомен басқарылатын көлік модельдері және тікелей жүретін авторассалық модельдер түрлері бойынша өткізілмек.

    М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2-курс студенті Әуесбек Анар