Спорт

Келесі ойындар Таразда өтеді

Келесі ойындар Таразда өтеді

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылатын ХІІІ жазғы универсиаданы өткізу мәртебесін жеңіп алды.

Бұл туралы Ақтауда өтіп жатқан ХІІ жазғы универсиаданың ашылу салтанатында белгілі болды. «Универсиада-2023»-тің ашылу салтанатында 70 жылға жуық тарихы бар, еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі – Дулати университеті құрамасын Азия ойындарының қола жүлдегері, бокстан IBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, ҚР төрт дүркін чемпионы Марат Мәзімбаев бастап шықты. Есенов университетінен жазғы универсиаданы өткізу эстафетасын қабылдап алған Дулати университеті – жалпыкомандалық есепте жазғы универсиаданың үш дүркін қола жүлдегері. Еске сала кетсек, Ақтауда еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ жазғы универсиада ойындары өтіп жатыр. Жарыс алдағы бір ай бойы жалғасады. Онда үш мыңнан астам атлет спорттың 20 түрінен бақ сынайды. Биылғы доданың ерекшелігі – жарыстар олимпиададағыдай бір қалада өтеді.

Дулати университетінің баспасөз қызметі