БАЛАҢЫЗҒА ДЕПОЗИТ АШТЫҢЫЗ БА?
БАЛАҢЫЗҒА ДЕПОЗИТ АШТЫҢЫЗ БА?
деді Ж.Мейірманова. Бұдан бөлек депозиттер нарығында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің шеңберінде іске асырылатын «AQYL» білім беру депозиті де бүгінде ең тиімді қаржы құралы. Осылайша Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін өзінің немесе баласының атына білім беру жинақтау депозитін ашып, оны болашақта Қазақстанда және шетелде кәсіптік техникалық және жоғары білім алу үшін оқудың ақысын төлеуге жарата алады. Минималды бастапқы жарна – 3 айлық есептік көрсеткіш. Жинақтау мерзімі үш жылдан жиырма жылға дейін. «AQYL» білім беру депозитін ашу үшін бар-жоғы баланың туу туралы куәлігі мен ата-анасының төлқұжаты қажет. Егер балаңыз грантқа түсіп жатса, депозитке жинақталған соманы басқа балаңыздың атына аудара аласыз. – «AQYL» білім беру депозитіне банктің сыйақысынан бөлек, жинақталған сомадан 5-7 пайыз мөлшерінде мемлекет сыйақысы есептеледі. Бұл ретте мемлекеттің сыйақысы мен банктің сыйақысы капиталға айналады. Яғни негізгі салымға қосылады. Айта кету керек, «AQYL» – депозиттер нарығындағы табыстылығы ең жоғары депозит. Сондықтан мемлекеттің осындай қолдауымен оқу шығындарын едәуір азайтуға, сәйкесінше отбасылық бюджетке түсетін салмақты біршама жеңілдетуге болады, – дейді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Тараз қалалық өңірлік өкілдер басқармасының маманы Бибісара Мелтекбаева. Балаларымыздың болашағы білім деңгейіне тікелей байланысты. Алайда көптеген қазақстандық ата-аналар үшін баланың жоғары оқу орнында оқу ақысын төлеу мәселесі соңғы мезетке, жоғары оқу орнына түскен сәтке ысырылады. Бірақ бұл кезде қаржылық мәселені шешу үшін банктен кредит алу керек болады немесе достардан қарыз сұрауға тура келеді. Мұндай қиын жағдайға түспес үшін қазірден депозит ашып қойған өте тиімді. Қазір кез келген мәселе ақшаға келіп тірелетіні рас. Дейтұрғанмен балаларымыз болашақта қаржыдан тапшылық көрмесе екен дейміз. Осы орайда ата-аналар балаларға арналған депозит – болашаққа іргетас қалаудың ең тиімді бастамасы екенін ұғынса игі. Ең бастысы депозитке салған ақша балаңызбен бірге өсіп отырады.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА