Әлеумет

Еліміздегі орыстілді балабақшалар жабыла ма? – министрдің жауабы

Еліміздегі орыстілді балабақшалар жабыла ма? – министрдің жауабы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін кулуарда мемлекеттік балабақшаның қазақ тілінде болатынына қатысты сұраққа жауап берді.

Сондай-ақ министр мамандарды дайындап, оларды оқыту мәселесі де қосымша қолға алынып жатқанын айтты. Ал «Орыс тілінің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен алынып тасталуы мүмкін бе?» деген сұраққа орыс тілінің балабақшадан ешқашан алынып тасталмайтынын, тек ата-аналардың сұранысы мен қажеттілігіне байланысты қазақ тілінде тәрбие, білім беретін мекемелердің көптеп ашылатынын ескертті.

Оның айтуынша, қазір қазақ тіліндегі балабақшаларға қажеттілік пен сұраныс күн өткен сайын артып келеді.