Жаңалықтар

«Дикий Арман» 7 тамызға дейін қамауда болады

«Дикий Арман» 7 тамызға дейін қамауда болады

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 5 маусымда сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды.

Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтарда Алматыда ұсталды. Сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде оның ҰҚК-дегі куратордың нұсқауымен жұмыс істегені белгілі болды.