Министрлік барлық мемлекеттік балабақшаны қазақтілді еткелі жатыр
Министрлік барлық мемлекеттік балабақшаны қазақтілді еткелі жатыр
Елдегі барлық мемлекеттік балабқшаларды мемлекеттік тілге ауыстыру мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, елімізде бүгінде 11 мыңнан аса балабақша бар. Оның тең жартысы мемлекеттік екен. Енді сол мектепке дейінгі білім беру мекемелері түгел дерлік мемлекеттік тілге көшірілмек.
Яғни қанша балабақша қай тілде дәріс беретіні және осы тапсырманы қалай орындауға болатыны турасында жұмыстар пысықталып жатыр. Мемлекеттік тілде дәріс беретін балабақшаны ұйымдастыру ешқандай қиындық тудырмайды деп ойлаймын», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.