Білім

Магистратураға түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қалай тапсырады

Магистратураға түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қалай тапсырады

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсетін талапкерлерге кешенді тестілеудің форматын түсіндірді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді. Ғылыми-педагогикалық магистратура Оқу мерзімі - 2 жыл. Тест тапсырмаларының саны – 130, жалпы балл – 150. Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағат 55 минут). Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады: - Шет тілі бойынша тест (тыңдалым + лексика-грамматика + оқылым) – 50 тапсырма. Шекті балл – кемінде 25; - Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7; - Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7. Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 75. Бейінді магистратура Оқу мерзімі - 1-1,5 жыл. Тест тапсырмаларының саны – 80, жалпы балл – 100. Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағат 40 минут). Кешенді тестілеу 2 бөлімнен тұрады: - Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7; - Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7. Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 50. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады. Еске сала кетейік, Қазақстанда магистратураға түсуге құжат қабылдау басталды.