ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІЛІК БАР
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІЛІК БАР
2022 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 9 365 адам тартылды (бос жұмыс орындарына – 4 404, онлайн оқытуға – 24, алғашқы жұмыс орындарына –14, әлеуметтік жұмыс орындарына – 891, жастар практикасына 415 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3 616 жұмыссыз тартылды, ұрпақтар сабақтастығы жобасына – 1 адам жолданды). Ұлттық жобаның бірінші бағыты, яғни қысқамерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарында 1 241 адамды оқыту (жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес – 853, жұмыс берушілердің жұмыс орнында – 388 адам) үшін 183,7 миллион теңге қаралды. 2022 жылы облыс бойынша 2022-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында кәсіпкерлікті дамытуға 2 630 адамға 2555,6 миллион теңге мемлекеттік грант беру қарастырылды. Ұлттық жоба аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1 030 орынға 307,7 миллион теңге қаралды. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 891 адам жолданды. Сонымен қатар жастар практикасына барлығы 1 425 орынға 661,0 миллион теңге қаралып, 415 түлек қамтылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 4 434 адамды тарту жоспарланып, бүгінгі күнге қоғамдық жұмыстарға 3 616 адам тартылды. Осы бағыт аясында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы есепті мерзімге 14 адам (жоспар – 124 адам), «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы арқылы 1 адам жолданды (жоспар – 29 адам). Сонымен қатар облыс бойынша 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін 4 жәрмеңке ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде 85 жұмыс беруші мекеме басшылары қатысып, 652 бос жұмыс орны ұсынылып, 618 жұмыссыз қатысты. Жәрмеңкеге қатысқан жұмыссыздардың 170-і әйелдер, 145-і 29 жасқа толмаған жастар, 15-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Жәрмеңке қорытындысымен 76 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 15-адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 29-ы жастар тәжірибесімен екі қолға бір күрек тапты. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 4,9 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрады. Сонымен қатар Ұлттық қордан субсидияланатын жұмыс орындарын жүзеге асыруға жастар тәжірибесіне – 836,4 миллион теңге, ақылы қоғамдық жұмысқа – 2562,9 миллион теңге, «Күміс жас» жобасына – 282,4 миллион теңге, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 140,7 миллион теңге, қайтарымсыз гранттарға – 1121,6 миллион теңге қосымша бөлінуде. Осылайша мемлекеттік қолдаудың арқасында жұмыспен қамту саласында жүйелі жұмыстар атқарылып, саланың дамуына оң серпін беруде.
Жорабек БАУБЕКОВ, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы