ДЕНСАУЛЫҚ - ЗОР БАЙЛЫҚ
ДЕНСАУЛЫҚ - ЗОР БАЙЛЫҚ
«Денсаулық -зор байлық» деген мақал тегін айтылмаған. Адамның басты байлығы -денсаулық. Денсаулық - адамға табиғаттың берген құндылығы.Денсаулықты әртүрлі тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз денсаулығына ерекше мән беруі қажет. Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсысымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни, адамдардың денсаулығы - сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтыңнегізгі шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты.
Бала балабақшаға барады. Ол көп уақытын осы «екінші үйінде » өткізеді. Білім алады, денсаулығын нығайтады.Қазіргі кезде әр білім мекемесінде медбикелер жұмыс жасайды. Балабақша, мектеп медбикесінің негізгі міндеті -санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына, балалардың жүйелі тамақтану сапасына жауап беру. Бала денсаулығын сақтау үшін - білім сапасын арттырудың маңызды жағдайына байланысты балабақша, мектебімізде дәстүрге айналған оқу-тәрбие шаралары өткізілуі қажет.
«Дені саудың жаны сау» деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене - жанның құралы. Құралы мықты болса, иесі де мықты. «Сау денеде салауатты рух болады» деген мақал ескіден қалған. Балалардың бойында салауатты өмір салты мотивизациясын дұрыс қалыптастыра білу тәрбиешілер мен ата-аналардың қосылып жүргізілгеншараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші тәрбиенің ошағы - отбасында, екінші - балабақшада болғандықтан, ата-ана мен балабақша, яғни тәрбиешілермен ата-аналар тығыз байланыста болуы керек. Ата-аналар жиналысында балалардың салауатты өмір салтын сақтаумақсатында баяндамалар оқылып, денсаулықты нығайтуға және сақтауға ережелер мен кеңестер беріліп отыру керек.
Балалардың денсаулығын сақтау барысында сергіту сәті мен психологиялық тренингтерді күнделікті өткізу пайдалы, себебі балабақшадағы балалар көп шаршайды және сергіту сәттерінен кейін серпіліп қалады. Тренингтер, сергіту сәттері балалардың өзін еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейту арқылы тыныс алу жолдарының, нерв жүйесіндегі шаршағанды ұмыттыруға көмектеседі.
Қазіргі кезде балалардың денсаулығының нашарлауы да байқалады. Күнделікті теледидар алдында, компьютер мониторының алдында шектен тыс көп отыру - балалардың тек психологиясына ғана әсер етіп қана қоймай, көз ауруларына, құлақ, бас ауруына, аз қозғалу немесегиподинамия - жүрек, қан, жүйке ауруларына, дұрыс тамақтанбау ас қорыту жүйесінің түрлі ауруына әкеп соғып жатыр. Бала денсаулығын сақтау жолында тұрған ең басты мәселе - оларды салауатты өмір сүруге және оны сақтау мен нығайту жолдарын білу. Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы басты мақсат - жас ұрпаққа сапалы білім беріп, баланыңсаулығын сақтап, саналы тәрбие беру. Олардың әрқайсысына өмірден өз жолын табуға көмектесуді мақсұт еткен абзал.
Абдыханова Ғ.Т. – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы