ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРДІ ҰЛЫҚТАЙЫҚ!
ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРДІ ҰЛЫҚТАЙЫҚ!
Киімнің пайда болу тарихына көңіл бөлсек, алғашқы адамзат өкілдері киім деген нәрсені ұғына білмеген.
Киімнің шығу тарихын толық зерттеп, ежелгі тас дәуіріндегі палеолит және мезолит дәуіріндегі киімдердің пайда болуын зерттеу киімнің шығу тарихын әлі де біле бермейді. Сондықтан ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты - ерте кездегі киімдерді сипаттап, қазіргі жастарға киімнің шығу тарихын ұғындыру, киім атауларына байланысты сөздердің этимологиялық сипатын ашу.
Алғашында ерлер де, әйелдер де киімдерін белге ғана байласа, кейін ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты аңға шыққан малдың терісін орап, денесіне байлап алған. Киімді мал терісінен, киізден, қой, түйе жүнінен тігуге болады. Мысалы: тері тымақ, тері тон, күпі, кенеп, шекпен, сырмалы шапан, т.б.
Біздің ата-бабаларымыз табиғаттың тылсым күштеріне байланысты киімді дәл қай уақыттан бастап кие бастағаны белгісіз. Көбінесе киім отырықшы қалаларда жақсы дамыған, малдың терілерінен және жүндерінен тігілген. Ал қазіргі таңда киім әр заманның өзіне лайық дамып келе жатқаны белгілі.
Табиғаттың тылсым күштерінің әсерінен ата-бабаларымыздың киім кие бастағаны нақты белгісіз. Киімдердің көпшілігі жануарлардың терісінен және аң терісінен тігілген, олар отырықшы қалаларда жақсы дамыған. Ал қазір киім әр дәуірге сай дамып келе жатқаны белгілі.
Киім – адам денесіне киетін зат, жасанды жамылғы түрі. Киім адамды қоршаған орта мен табиғаттың түрлі әсерлерінен сақтайды. Тұтыну мәдениетімен қатар оның салтанатты мақсатты маңызы бар. Киім тігу үшін жануарлар, аң терісі, өсімдіктер, ағаштар, балықтар, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланылады. Жануарлар терісінің жүндері мен қылшықтарын ұстаған кезде адамдар алғашында біртүрлі жұмсақтық пен жылулықты сезінді. Кейін оларды үстіне жамылса, суықтан, жаңбыр мен желден қорғануға болатынын көрді. Бірақ тері жамылғылары аң аулау кезінде қолайсыз болған соң, оларды өздерінің денесіне ықшамдап тікті. Ол үшін сүйектерден ине жасады. Жануарлардың тарамыстарын жіп ретінде пайдаланды. Киім тігу мен киім кию осылай басталған.
Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінген. Палеолит дәуірінде адамзат тігіссіз, байланған киімдерді пайдаланса, неолит дәуірінде, яғни тоқыма, жіп иіру, тоқу өнерін меңгергеннен кейін иық пен арқаға киетін киім түрлері пайда болды. Тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы: үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; гректер гиматий; солтүстік халықтар теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен киім дайындайды. Аяқ киім түрлері ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделі киім пішілуіне қарай тұйық және алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып бөлінеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктерін танытады.Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күлпара), балуан, батыр киімдері болған.
Әрбір халықтың тұрмыс-салтында болған, орын алған жағдайлар тарихта өз ізін қалдырады. Қазақ халқының көнеден келе жатқан бір дәстүрлі мәдениеті – киім-кешегі. Белгілі бір халықтың киім үлгілері оның уақыт бойынша өзгеруін бақылай отырып, осы халықтың тарихын жасауға мүмкіндік береді. Көне түркі дәуірінен бүгінгі күнге дейін қазақтардың киген киімдерінің түрлері өте көп. Олардың аталуы да әр алуан.
Сақ дәуірінің ескерткіштерінде (б.з.б. 7-6) тау ешкі, елік, марал, т.б. «аң стилі» жиі бейнеленген. Мысалы: сақ жауынгерлерінің бас киіміндегі «Алтын таулар» үш биіктен тұрады: биік, орта және аласа. Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген. Оның дулығасы ғарыш туралы сақтардың символдық түсімен безендірілген. Ежелгі дәуірдегі сақтар мен массагеттердің киімдерінің ерекшеліктері туралы ежелгі ғалымдар Геродот, Ктесий, Страбон да жазады. Олардың тақиясының немесе шапанының төбесі сүйір болып, былғарыдан тігілген етік, сырт киімдерге әшекейлердің орнына аңдар мен құстардың бейнелері салынған. Мысалы: сақтар өз батырлары мен көсемдерінің денелеріне сурет салған. Адамның денесіндегі сурет батырлықтың белгісі болып саналған.
Әскери киімдердің көпшілігі металдан жасалған, ал металл тоқуды білмейтіндер жүн мен қауырсыннан жасалған кеудеше киетін. «Жаумен жағаласса жыртылмас, Ерлердің жеңсізден игі тоны» деп Шалкиіз (ХV-XVIғ.) жырау айтатын жеңі жоқ тон да - жауынгерлік заман тоны. Заманың жаугершілік болса, киер киімің де жауынгерлік болады. Жауға аттанбай ауылда малға қарап қалған кісінің киері – күпі. Тәтіқара ақынның «Күпіңді сатып астыңа, Жең жастанып басыңа» деуі содан болса керек. Күпі дегеніміз – кәрі, жас, әйел, еркек демей кие беретін шаруа киімі.
Күпі – матамен тыстап, ішіне түйенің қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық сырт киім. Күпі әрі жеңіл, әрі жылы болғандықтан оны әйелдер де, ерлер де киетін болған. Әйелдің күпісінің жағасы кестеленіп, жеңіне құндыз салынып тігіледі. Күпінің тысына барқыт, мәуіті сияқты мықты, әрі қалың матаны пайдаланады. Шапан сияқты күпінің де екі өңірі, артқы бойы, екі жеңі және жағасы болады. Күпіге көбінесе матадан қайырма жаға не тік жаға салынады. Көшпелі өмір жартылай жауынгершілік өмір болды, сол себептен ерлер киімінде еш өзгеріс бола қойған жоқ. Әрине той, сән-салтанат киімі өз алдына бір басқа. Ежелгі қыпшақ қыздары атқа мініп, ерлермен бірге жауға шабатын болған. Жайшылық кезде сәнді киініп жүру – қазақ әйелдерінің салтына айналған. Қазақта қыз киімі, әйел киімі, кейуана киімі бір-бірінен ажыратылып тігілетін болған.
Қыздар белі қыналған, етек-жеңіне желбір салған қос етекті көйлек, оқалы камзол киіп, беліне металл (қапсырма тағып) шытыралармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік буынатын болған. Басына үкілі тақия киген. Үкілі тақия – қыз дәуірінің белгісі болған.Әйелдер басына кимешек киетін болған. Тек жағалы тоқыма көйлектің сыртынан камзол, аяғына кебіс-мәсі киген. Жасы ұлғайған сайын қазақ әйелдері қарапайым киінуге тырысқан. Ал кейуана киімдері басы артық әшекейден болмаған.
Ер кісілердің киімі әйелдердің киіміне қарағанда қарапайым болып келеді. Ерлердің киімдері де жас ыңғайына қарай бөлінетін болған.
Бозбала киімі әсем болып келеді. Олар ойық немесе тік жағалы жібек жейде, бархыт бешпент, шалбар,көксауыр етік киетін болған. Басына зерлі тақия, бөрік киіп, үстіне түйе жүн шекпен немесе шапан жамылған.
Өзге халықтардағыдай қазақ халқында да дүниеге келген сәттен жер-ана қойнына кеткенге дейін киетін киім-кешектің түрлі атауы бар.
Қазақта бас киімнен бастап аяқ киімге дейін әрқайсысының өзіндік атаулары бар деп айтып өткенбіз. Мысалы: бас киімі бөрік, қарқара, сәукеле, қалпақ, тымақ, қасаба деп аталады.
Келін түсірейін деп жатқан ауыл адамдары жас балаларды келіннің келе жатқанын көруге арнайыжұмсайды екен. Содан ұл-қызы аралас жас бүлдіршіндер биік төбеге шығып, жолға қарап тұрған. Күнге шағылысқан сәукелені көрген балалар: Сау келеді! Сау келеді! - деп шүйінші сұрап, ауылға шапқылаған. Міне осыдан «сау келеді» (сүйінші) мағынасынан сәукеле сөзі шыққан. Сәукеле киелі болып есептелген.
Аңыздарға қарасақ, қызы бойжеткенде анасы оған кимешек тігіп, оны сандығының түбіне салған. Нәрестелі болғанда ғана кимешекті алып киген. Осының салдарынан жас ананың кеудесі де, нәрестесі де назарланбаған.
Қазақта әсіресе бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады.
Кебенек – сырт киім. Ертеректе жауынгерлер, малшылар жауын-шашыннан, бораннан қорғану үшін киген. Жұқа киізден тігіледі, шапан тәрізді болып келеді. Кебенекке арналған киізді бір бет етіп жұқалап басады. Оны аса ұқыптылықпен шаршылап, қалшығын сыртына шығара басқан жұқа киізден ақ, қара немесе қоңыр түсті етіп, атқа отыруға ыңғайлы болу үшін артына жарма қалдырып, шалбарымен қоса пішіледі.
Кебенек кең және ұзын болады. Шапанға ұқсас болғанымен тік немесе күлпара іспетті жағасы бар. Кебенекті жылқышылар үскірік аяз бен желден, жаңбырдан, қардан сақтану үшін киген. Кебенек сөзіне байланысты «Кебенек киген келеді, кебін кигенкелмейді» немесе «Ерді кебенек ішінде таны» дегенмақалдар бар.
Жырға - әйелдің асыл тас, ақық моншақтарды тізіпәшекейлеген сәнді бас киімі. Жырға көп салпыншақты әр түсті меруерт тастардың жарқырауық сәулесімен құбылып, адамның бет-бейнесін көріктендіріп, бет моншақ, шұбыртпа, жақ алқа тәрізді тізіліп, бас киімнің етегін шашақтап сәндеп тұрады. Өте баппен сәндеуді «ырғалып, жырғалып» деп атайды. «Жырға» сөзі осыдан шықса керек. Кейде сәукеленің шұбыртпасын, сырғаның салпыншағын, моншақ әшекейлерін жырға деп атайды.
Көне заманнан адамдар алғаш аң терісін жамылуды, одан түрлі нәзік талшықты өсімдіктерден жамылғы тоқуды үйренген кезден бастап тек суықтан қорғану, бойды жылыту үшін ғана керек болған киімдердің жалпы адамзат өмірінде алатын орны маңызды болып,ол қоғамдық мәнге ие бола бастады.
Қазіргі уақытта киімдер матадан тігіліп, ою-өрнектермен кестеленіп ашық түсті түйме, моншақтар, маржан сияқты жылтыр әшекейлермен өрнектеледі. Олардың кейбіреуін сәндік қолданбалы өнер деугеболады. Яғни келіншектер бір құрсақ көтергенше қыз киімін кие беретін болған екен. Олар тақия, бөрік кимейді, үкі тақпайды, жалаңбас жүрмейді. Қыздар киімімен салыстырғанда, келіншектердің бас киіміндеәшекей аз болған.
Әр адамның жас ерекшелігіне қарай киінуі - жыл мезгілдерінің ауысуы секілді адамзат санасында орын алған құбылыс, мәдениеттіліктің белгісі. Әр киімнің өзіндік орны бар.
Іштік киімдер: бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, күртке (желетке), шалбар.
Сыртқы киімдер: жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тайжақы, тон, шапан, шидем, ішік.
Сулық киімдер: аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен.
Ерлердің бас киімдері: башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма.
Әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі.
Аяқ киімдер: кебіс, көк етік, мәсі, мықшима, саптамаетік, шоңқайма.
Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұту елдің өскелең өмірін танытады. Өйткені қазақ киім-кешегі - ұрпақтан-ұрпаққа алмасып келе жатқан елдің ғасырлар бойы қалыптасқан талғамын, сәндікті, үйлесімділікті бойына сіңірген құндылығымыз.