Несие алуға тыйым салу: жаңа қызмет eGov жүйесінде іске қосылады
Несие алуға тыйым салу: жаңа қызмет eGov жүйесінде іске қосылады
Қазақстандықтар eGov порталы арқылы өз атына несие алуға ерікті түрде тыйым сала алады. Бұл функция оларды алаяқтардан қорғайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамалық актілерге мынадай түзетулер әзірледі:
- жеке тұлғаның банктік несиелер мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту құқығын белгілеу. Бұл қызмет "электрондық үкімет" веб-порталында және eGov Mobile қосымшасында жүзеге асырылады;
- қарыз алушының несие тарихында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы мәліметтер болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарына жеке тұлғаға несие беруге тыйым салуды енгізу.
Қызмет алаяқтардан қорғануға көмектеседі, сонымен қатар елден ұзақ уақыт кеткен жағдайда тиімді.