Жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібі қандай?
Жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібі қандай?
Спикердің айтуынша, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 460- бабының 1-тармағына сәйкес, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы ескерту жасауға әкеліп соғады екен. Сондай-ақ 2-тармаққа сәйкес, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет – жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға дейін апарады. Бұл жоғарыда аталған заңнама талаптарын бұзған тұлғалардың үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, құқық бұзушыларға ескерту беріледі немесе айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылады деген сөз. 2021 жылдың 26 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңының негізінде, «Әкімшілік құқықбұзушылық» кодексінің 460-бабы мен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9-бабы қолданыстан алыныпты. Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының 2021 жылғы бұйрығы бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел түрде тіркеу құны бекітіліп, 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап қолданысқа енген. – Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел түрде тіркеу үш тәуліктен екі сағатқа дейін қысқарды. 2022 жылдан бастап екінші деңгейлі банктердің жылжымайтын мүлік нысандарына кепілді тіркеу мақсатында «Блокчейн» бағдарламасы қолданысқа енді. Қазіргі уақытта қызмет алушылар жылжымайтын мүлік нысандарына кепілді тіркеу мақсатында өтініштерді беру үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне барудың қажеттілігі жоқ. Аталған өтінішті кепіл ұстаушы, яғни банк тарапынан тіркеуші органға жолдап, тіркеу үшін төленетін төлем төленгеннен соң бір күннің ішінде мемлекеттік тіркеу жүргізіледі, – дейді Ш.Смаилов. Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамаларды халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне бармай-ақ, электронды цифрлық қолтаңба негізінде «Электронды үкімет» порталы арқылы алуға болады.
Әдемі Оралбекова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті