Руханият

Мақтаныш сезімін маздатады

Мақтаныш сезімін маздатады

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің басты белгісі, ұлттың мақтанышы, халықтың айбары. Ал тәуелсіздігіміздің басты нышандарын қадірлеу, құрметтеу, насихаттау – әрбір қазақстандықтың қастерлі борышы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабында да «Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» деп тайға таңба басқандай жазылған. Ал сол міндеттілікті сезіну үшін, орындау үшін әрбір отандасымызға үйде, балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында, өндірісте, мекемелерде ұдайы тәлімдік-тәрбиелік жұмыстар жүргізілуі керек.

Осы орайда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңының 12-бабын басшылыққа ала отырып құрылған мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия тиісті жұмыстар жүргізуде. Қаладағы мекемелерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 458-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану, орындау және 2-тармағында Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбаса, лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатындығы туралы арнайы хат жолданды. Тараз қаласы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қаладағы 96 мекемені зерделеу жоспарланған болатын. Бүгінге дейін 46 мекемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдану барысына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі маусым айында комиссия отырысында қаралатын болады. 2023 жылдың 17 сәуір күні ҚР Мемлекеттік рәміздер мен ведомостволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия қаладағы 29 мекемеге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, оң деген баға берді. Жоспарлы жұмыстар жыл бойы жалғаса береді.

Гүлназ СМАТІЛДАЕВА, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы