Жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
Жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
Оның айтуынша, лауреаттар төрт номинация бойынша анықталады. Бұл – «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті». Әр номинация жеңімпазына 4 млн теңге сыйақы және «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом және төсбелгі беріледі. Әдеби сыйлық жас қаламгерлерді қолдауға, қазақ әдебиетінің жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған. Өтінімді қабылдау бір ай жалғасады. «Мәдениет және спорт министрлігі қазірдің өзінде бірнеше әдеби жобаны іске асырып жатыр. Мысалы, өткен жылы басталған, 35 млн теңге жүлде қоры бар «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына биыл да өтінім қабылдау жүріп жатыр», – деп жазды ведомство басшысы. Кездесу барысында министр ақын-жазушылардың ұсыныстарын да тыңдаған. Атап айтқанда, жас қаламгерлер саланы коммерцияландыру және елде толыққанды әдеби нарық құру, авторлық құқықты қорғау, әдеби конкурстардағы шығармаларды бағалау үшін әдеби редакторлар мен сарапшылар санын көбейту, жас жазушылар мен ақындар форумының жұмысын жандандыру сынды маңызды ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.